Талғар аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Қонаев. 14 қаңтар. ҚазТАГ- Талғар аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Кадрлык езгерістер! Кұрметті Талғар ауданының тұрғындары!!!
Сіздерге Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Барлыбаевич Бекенов тағайындалғаны туралы хабарлаймыз»,- делінген полиция басқармасының сейсенбі күнгі хабарламада.

Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда орын алған 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін бірқатар отставкалар мен жұмыстан босатулар орын алған. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша 11 күдікті қамауға алынды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғар ауданында жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу амалдарының барысын жеке өз бақылауына алғанын айтты. Кейін хабарлағандай, адам өліміне алып келген төбелес ісі бойынша жеті адам екі айға қамауға алынған. Қаза болған жасөспірімнің туыстары 8 қазан күні Талғарда қарсылық білдіріп көшеге шыққан. Сосын марқұмның туыстарының қарсылық білдіргендерінен кейін тексеріс басталғаны хабарланды.

adimage