Алматы. 20 желтоқсан. ҚазТАГ – Кірістің нарықтағыдан жоғары екенін көрсете отырып, адамдар мен өзара қарым-қатынас процесстер мен құралдарға қарағанда әлдеқайда маңызды деп санайды банкте. Бұл туралы ҚазТАГ ХАА берген сұхбатында «Альфа-Банк» ЕБ АҚ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Алина Аникина айтып берді.
- Талдаушылар COVID-19 пандемиясы салдарынан орын алған экономикалық құлдырау қазақстандық банктердің «денсаулығын» нашарлатуы мүмкін деп санайды. Осы қиын жылдың 9 айын Альфа-банк қандай көрсеткішпен өткерді? Нарық бойынша орта көрсеткішпен салыстырғанда банк қандай кіріс көрді? 9 айда банк капиталы өзгерді ме?
- 2020 жылдың үшінші тоқсанында соңғы үш жылдағы секілді банк клиенттердің нақты қажеттіліктері мен қызметтерді цифрландырудың арқасында ойлап табылған тұрақты бизнес-үлгінің арқасында өте жақсы өсім қарқынын көрсетті. Статистика көрсетіп отырғандай, дағдарысқа қарамастан, қазақстандықтар Альфа-Банк қызметін барынша көбірек қолданатын болған.
2020 жылдың үш тоқсанында Альфа-Банк өзіндік активтерін жыл басымен салыстырғанда 24 пайызға арттырған. Клиенттер қаржысының жалпы көлемі 32,4 пайызға артты.
Соңғы 9 айда банк капиталы ағымдағы жылғы кірістің өсуі есебінен 27%-ға артты.
- Мұндай кіріс табуда не нәрсе үздік рөл атқарды: клиенттердің кредиттік портфелі, банктің депозит тартуы, валюта сату-сатып алу, әлде басқа нәрсе ме?
- Ең біріншіден, Альфа-банктің таза кірісінің көлеміне пайыздық кірістер, ары қарай валюта-айырбас операциясы мен шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер ықпал етті.
Біздің қызметкерлер қазір өте көп жұмыс жасайды. Біз қызметкерлерімізге инвестиция саламыз және ондай инвестициялар кіріс өсімінің драйвері болады деп санаймыз. Біздің банкте agile жүйесі қолданылады, оның мәні адамдар мен өзара қарым-қатынас процесстер мен құралдардан маңызды дегенді білдіреді, ал жұмыс жасайтын өнім құжаттан маңызды. Agile – жұмысты ұйымдастырудың жаңа жүйесі: тек қазір керек нәрсені жасау керек, барынша пайда әкелетін істі атқару қажет, ал егер ол міндет – күрделі болса, оны бірнеше қарапайым бөліктерге бөліп тастау керек. Міндетті шешу үшін ең қарапайым тәсілді қолдану керек. Бір уақытта тек бір ғана тапсырманы орындау қажет. Келесі тапсырмаға тек бірінші тапсырма орындалған жағдайда ғана көшу керек. Және міндетті түрде қатемен жұмыс болғаны дұрыс.
- Альфа-Банк өзін күнделікті қолайлы цифрлық банк ретінде таныстырып келеді. Бүгінгі таңда сіздерде қандай digital бағыттар бар?
- Халықаралық іскери Asiamoney басылымы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ны Қазақстандағы ең үздік цифрлық банк деп таныды. Бізге жыл сайынғы Asiamoney Best Bank Awards 2019 сыйлығы аясында Best Digital Bank марапаты тапсырылды.
Бізде шағын және бөлшек бизнесте бірнеше негізгі digital бағыттар бар. Біздің банк клиенттермен жұмыс жасауға жайлы жағдай жасайтын және уақытты барынша үнемдейтін қолайлы жағдай жасап отырады.
- Қазіргі жағдайда бизнес банктің дағдарысқа қарсы ұсынысына иек арта ала ма? Шағын және орта бизнес компанияларының банктің қолдауына ие болу мүмкіндігі бар ма? Әлде қазіргі экономикалық жағдай өз ерекшелігін енгізіп отыр ма?
- Біз клиенттеріміз – кәсіпкерлер мен топ-менеджерлер тез, ыңғайлы, қарапайым және сенімді түрде инвестиция жасай алуы үшін смартфонда ең үздік деген инвестициялық сервистер мен өнімдерді жинады.
Альфа-Банк ТМД-да бірінші болып «онлайн ашық шоттар» өнімін іске қосты, соның арқасында кәсіпкер банк менеджеріне жеке келмей-ақ бірнеше секунд ішінде бизнес үшін шот аша алады. Бұл өте ыңғайлы, әсіресе карантин кезінде.
Кез-келген бизнесті жүргізу үшін клиенттерден төлем қабылдау және оларға фискалды чек беру құралы керек. Енді қымбат pos-терминалдар мен касса – аппараттарын алудың қажеті жоқ. Альфа-Банк бұл мүмкіндікті ең қарапайым тәсілмен ұсынып отыр – бар болғаны «Alfa Pay» және «Альфа-касса» мобильді қосымшаларын жүктеп алса жеткілікті, сонда pos-терминал да, касса да телефоныңызда болады.
Сонымен қатар, атап өтейін, 2020 жылдың басында халықаралық SME Banking Club халықаралық клубы бизнеске арналған мобильді қосымшаны зерттеді. «Альфа-Бизнес Казахстан» еліміздегі ең үздік қосымша болып танылды.
- Бұл қосымшаны клиенттер, соның ішінде жеке тұлғалар да қолдана ала ма?
- Әлбетте, әрқашан трендте болғысы келетін жеке тұлғалар үшін бізде қарапайым және әр күнге арналған лезде шығарылатын карта бар – AlfaBlack. Осы картамен 6 айдан 24 айға дейін бөліп төлеу арқылы кез келген тауарды сатып алуға болады, ол үшін әріптестік желісіне қосулы болудың керегі жоқ. Кредиттік лимит Т15 мыңнан Т2 млн дейін. Егер клиент кредиттік қаржыны пайдаланбайтын болса, картада дебеттік шоты болады. Кэшбэк – әріптестермен акция аясында 15% дейін. AlfaBlack картасын сатып ала отырып, клиент бүкіл әлем бойынша кез келген сатып алулар мен қызмет көрсетулерге төлем жасай алады, кез келген жерден қолма қол ақша шешіп ала алады.
Сонымен қатар, жеке тұлғаларға арналған «Альфа-Банк Казахстан» біздің клиенттерге смартфон көмегімен аз уақыт ішінде көптеген банктік операциялар жасауға мүмкіндік береді.
Біз өз өнімдерімізді жақсарту үшін үздіксіз жұмыс жасап жатырмыз және «керемет аударым» деген вау-фишкалар әзірлеудеміз. Аталмыш қызмет көмегімен жіберуші де алушы да мобильді қосымшасын қосады және телефонын сәл қозғап, керек операцияны 1 миунт ішінде жасай алады.
1 қыркүйектен бастап банк мықты жарнамалық роликтері бар «Мобильді болу оңай!» кең тараған жарнамалық кампаниясын ұсынды. Кампанияның басты образы – қызыл қанатты тұлпар. Ол Альфа-Банктің күшін, мобильділігін, жеңілдігі мен жылдамдығын білдіреді. Бұл көп жылдық тарихпен дәлелденген сенімділік және digital-дағы жаңа бағыт, соның арқасында клиенттің банкпен қарым-қатынасы оңай бола түседі. Біздің клиенттер Альфа-Банкті сервистердің ыңғайлылығы үшін таңдайды, және біз де жаңа жарнамалық кампаниямызда дәл осыны атап көрсеткіміз келді.
- Банк 2021 жылға қандай мақсаттар қойып отыр?
- Біздің банктің миссиясы - лездік сервис көмегімен клиенттерге жетістіктерге жетуге көмектесу. Жұмыс нәтижесі оның біздің қолымыздан келетінін көрсетіп отыр. Бірақ біз қол жеткен нәтижемен тоқтап қалмақ емеспіз, әркез сервисті жақсарта отырып, жаңа мақсаттарға қол жеткіземіз. Біз үнемі клиенттерден кері байланысты жинап отырамыз, ол бізге өз өнімдеріміз бен сервисті қай бағытта жетілдіру керектігін, команданың қалай өзгеру керегін түсінуге көмектеседі.
Қазіргі қаржылық сала – бұл талантың үшін өткір бәсекелестік ортасы. Әлемнің цифрлық дамуға қарай беталысымен қатар банк қызметкерінің профилі де өзгеруде. Бүгінгі таңда ол «кеңсе клеркі» емес, ол креативті ойлай алатын сарапшы. Біз банкте жанды қарым-қатынасты бағалаймыз, себебі ол әсіресе отыздар шамасындағыларға, әлемді енді танып жатқандарға ашылуға мүмкіндік береді. Z ұрпағы цифрлық құрылғы және ол өнімсіз ойлана алмайды. Ал «цифрлық» дегеніміз – ол жанды қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін лездік іс-әрекет, креативті түрде ойлау, тіпті қателіктерге жол беру, бірақ содан сабақ алып, ары қарай жылжу.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42 -
Дастан Қадыржанов: Адамдар ТЖ-ға дейінгі Қазақстанға оралғысы келмейді
1 Маусым 2020, 09:56