Астанада Кәрім Мәсімовтің тәркіленген элиталық үйі аукционға шығарылды

Астана. 10 ақпан. ҚазТАГ – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің тәркіленген элиталық үйі Астанада сауда-саттыққа шығарылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

"Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі Компания" ЖШС 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10.00-де e-Qazyna веб-платформасында өтетін электрондық сауда-саттықтар туралы хабарлайды. Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағынауданы, Ерейментау көшесі, 1-көшеде орналасқан жертөле қабаты бар тұрғын үй сатылымға қойылды. Нысан сауда - саттықтың барлық қатысушылары үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекелестік шарттарда іске асырылады", - деп хабарлады дүйсенбіде "Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания".

Үйдің бастапқы бағасы Т1 883 338 958, кепілдік жарна – Т117 960 000.
Аукционды бағаны көтеру бағытында өткізу жоспарлануда.

Хабарландыруға 2022 жылдың наурыз айында Қазақстан қауіпсіздік қызметкерлері Мәсімовтің мүлкі тізіміндегі "элиталық үй" деп атаған ғимарат бейнеленген фотосуреттері бар лотқа сілтеме тіркелген.

Еске салсақ, 2023 жылы 24 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарған болатын. Сот істі "Аса құпия" деген белгімен қарады. Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайтыны және мүлкі тәркіленетіні айтылды. Кәрім Мәсімов бұған қоса генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

10 маусымда белгілі болғандай, Мәсімов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім беруін сұраған.

14 маусымда мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Мәсімовтың кешірім сұрауына қатысты түсінік бере келе, оған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтып беруін ұсынған.

28 маусымда белгілі болғандай, Тоқаевқа Мәсімовке кешірім беруден бас тарту ұсынылған.

2024 жылдың 23 шілдесінде ҚазТАГ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартқанын хабарлады.

adimage