Сарапшы пікірі: Мұнай бағасының құлдырауы болмайды, бірақ түзетулер болып тұрады

Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Tetrayded-тің жетекші талдаушысы Анастасия Игнатенконың айтуынша, мұнай бағасы 6,5-7% төмендеуі мүмкін.
«Мұнайдың арзандау әлеуеті ағымдағы жағдайда 6,5-7% шамасында. Менің пікірімше, баға аталған аралыққа  (баррель үшін 70,8-71$ - ҚазТАГ) саммит басталғанға дейін (ОПЕК-тің 2018 жылдың 22 маусымында - ҚазТАГ) баруы мүмкін деп ойлаймын, себебі көптеген биржалық компаниялар ойынның тактикасын мерзімінен бұрын таңдайды», - деп болжайды ол.
Сонымен бірге сарапшы ойыншылар қарама-қарсылық сигналдар алуын жалғастыруда. Оның пікірінше, бұл мұнай фьючерстерінің нарығында орта мерзімді позицияларын ұстап тұруға мүмкіндік бермейді.
Мысалы, АҚШ үкіметі Сауд Арабиясына және картельдегі басқа елдерге мұнай өндіруді күніне 1 млн. баррельге дейін жеткізуді сұрағаннан кейін, мұнай фьючерстері арзандағаннан кейін API-нің мұнай қорлары туралы ақпарат шыққан.
Есепке сәйкес, елдегі мұнай қоры 2 миллион баррельге азайып, баға белгілеулерге жергілікті қолдау көрсетті», - деп түсіндірді А.Игнатенко.
Естеріңізге сала кетейік, мұнай бағалары сәрсенбіде жетекші мұнай биржаларында сауда-саттықта аздап төмендеген. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы Inter Continental Exchange (ICE) биржасында - IСE Brent Crude Futures $ 75,36 (-0,02) / барр құрады.
Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) биржасында алдағы айға мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондонда Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $ 64,73 (-0,79)/барр болды.

adimage