Сарапшы пікірі: Банктер клиенттердің шотындағы ақшаны сот шешімі бойынша және басқа банктердің төлем талабы бойынша шоттағы есептен шығара алады

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Банктер клиенттердің шотындағы ақшаны сот немесе сот орындаушысының шешімі бойынша, басқа банктердің төлем талаптары бойынша ғана шоттағы есептен шығара алады, деді өзін атағысы келмеген, алайда «ҚазТАГ» ХАА сұрақтарына жауап берген банк қызметкері.
Банктердің клиенттің ағымдағы шотынан үшінші тұлғаның банктік шотына ақша аударуының негізсіздігі туралы жауап берген банкир банктердің олай ешқашан жасамайтынын атап өтті, ол тек адамдардың қатесінің нәтижесі болуы мүмкін деді.
«Бұл жәй популизм, халықтың құлағын шулату үшін, қандай банктердің сараң, нашар екендерін айту үшін. Құқыққа қайшы амалдар үшін банктер қомақты айыппұл төлейді. Банктер клиенттерінің шотынан тек басқа банктерден төлем талаптары болған жағдайда, сот немесе сот орындаушыларының шешімі бойынша ғана ақшаны шоттағы есептен шығара алады. Банктерге бір күнде жүздеген, басқа банктерге мыңдаған сот орындаушыларының шешімдері келіп жатады, сөйтіп ақшалар шоттағы есептен шығарылады. Ел бойынша проблемалы заемшылар мен алимент төлеушілердің санын есептеңіз, сонда сот шешімдерінің саны шығады. Қазір сотқа беру процестерінің барлығы автоматтандырылған, сондықтан тіпті сотқа барудың керегі жоқ, барлығы онлайн жасалады. Нәтижесінде сот шешімдерінің саны артты», - деп атап өтті ол.
Банк, оның пікірінше, клиенттің төлем картасын негізсіз бұғаттай алмайды.
«Оның барлық шешімі үнемі негізделген және банктің бұғаттау құқығы картамен қызмет көрсету туралы шартта нақты жазылған, тек ешкім шартты мұқият оқымайды. Егер бағдарламалық қамтудың антифроды күдікті транзакцияны байқаған жағдайда немесе клиенттің өтініші бойынша ғана банк карточканы бұғаттайды», - деп түсіндірді банкир.
«Өзінің» банкі емес банкоматтан ақша шешіп алғаны үшін комиссияны теңестіру мәселесіне сарапшы бұл сұрақты тек реттеуші ғана шеше алатынын айтты.
«1 күнде, ерік мәселесі, мүмкіндік емес», - деді банкир.
Бұл ретте ол атап өткендей, әр түрлі банктердің төлем жүйесін орталықтандыру немесе біріктіру туралы мәселе күн тәртібінде 10 жылдан бері тұр.
«Тағы да, оны шешу қиын, мәселе мынада, кейбір ірі банктерге бұл тиімсіз, сондықтан осы сұрақ бір орнында тұр. Лоббилау», - деді банкир.

adimage