Питер Гриффитс: ҚР-дағы авиаиндустрияның қайта қалпына келуі коронавирус жағдайына байланысты

Астана. 15 маусым. ҚазТАГ – Қазақстандағы авиация саласы коронавирус пандемиясы салдарынан шығынға батуда. Көліктегі бас санитарлық дәрігердің әуежайлар мен әуекомпания қызметкерлерінің, жолаушылардың COVID-19 індетіне ПТР-тестін тапсыру, ұшақ салонында шахмат тәсілімен отырғызу талабы – осының бәрі әуе рейстері билетінің қымбаттауына әкеліп соғады. Авиасалада қандай өзгерістер күтіп тұр, ол туралы Silk Road арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс айтып берді.

 - Біздің ел билігінің ұшақтар 60%-дан көп емес жүктемемен ұшу керек деген ұсынысын қалай бағалайсыз, ол жолаушының коронавирус індеті жоқ деген қымбат тұратын анықтамасы болуы керек деген талабы қаншалықты ақталады, және осының барлығы ұшу құнына әсер ете ме, бұлар қаншалықты ақталады?

 - Жалпы тәжірибеден мәлім, егер әуе кемесі толығымен жүктелген күйі ұшпаса, белгіленген режимде жұмыс жасамаса, онда ерте ме кеш пе ол әуе компаниясы ақшасын жоғалта бастайды. Бұл тиімді емес және олар үшін жақсы да емес. Және ең маңыздысы бұл ұшу қауіпсіздігіне де әсер етеді. Сондықтан жұқтырып алу қаупін ескере отырып, теңестіруге тура келеді және бұл ретте ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету де қажет.
Жағдай үш тәсілмен шешілуі мүмкін: қымбат тұратын тест шығынын жабу үшін мемлекет субсидиялайды немесе оны жолаушылардың өздері тапсырады. Және үшінші тәсіл –қазіргі жағдайда ұшуды тоқтату, себебі ол авиациялық салаға тиімді емес.

 - Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздікті және ұшу қауіпсіздігін арттыруда Сіздің команданың жоспары қандай?

 - Қазақстандағы авиациялық әкімшілік 2019 жылдың 1 тамызында ұйымдастырылды. Бүгінгі күні бізде 110 адам жұмыс жасап жатыр. Биыл біз штатты 175 қызметкерге дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Барлық қызметкерлер ИКАО мемлекеттік стандартына сәйкестік оқуынан өтті және өтіп жатыр. Авиациялық әкімшіліктің міндеті – авиаиндустрияға басқарудың британдық стилін енгізу, себебі ол ең озығы болып есептеледі.

 - Қазір Қазақстанның Еуропалық одақтың қара тізіміне түсіп қалу қаупі қандай, өз жауабыңызды түсіндіре кетіңізші?

 - Қазақстанның қара тізімге кіру қаупі өте төмен. Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде көптеген мәселе ЕуроОдақ агенттігімен бірге қарастырылды. Біз барлық тиісті талаптарды орындап жатырмыз. Желтоқсанда мен Еуропалық азаматтық авиация конференциясына Қазақстанның бақылаушы ретінде қатысуына өтінім бердім. Мәселен, Ресей қазірдің өзінде бұл ұйымның бақылаушысы. Егер біз өтсек, бұл Қазақстан үшін алға жасалған үлкен қадам болмақ.

 - Бұған дейін Қазақстанда ұшақ билеттерінің қымбаттауы мүмкін деп айтылған еді – әуе компаниялары мен әуежайлардың тарифтері қаншалықты шын мәніндегі жағдайды көрсете алады?

 - Бүгінгі таңда Қазақстан үкіметі билет құнын сақтап тұру үшін жеткілікті шаралар қабылдады. Әлбетте әуе билеттерінің құны жалақыға сәйкес келеді. Сонымен қатар әуе хабарламасы тек Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты қалалар үшін ғана емес басқа да өңірлер арасында болатындай етіп ел экономикасын дамытуға көмектесетін лоукостерлерді енгізу қажет. Авиациялық индустрияның қалпына келуі төтенше жағдай режимінің қаншалықты ұзаққа созылатынына, Қазақстанда коронавирустың қаншалықты ұзақ болатынына байланысты. Бұлар қаншалықты ұзаққа созылса, авиациялық индустрия да соншалықты ұзақ қалпына келетін болады.

 - Бізге белгілі болғандай, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жұмысты автоматтандыру үшін софт сатып алу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл қандай жоба, оның құны қанша, дағдарыс және әуе ұшулары санының күрт төмендеуі жағдайында оны сатып алу қаншылықты ақталады?

 - Ол шын мәнінде біз күткендей қымбат емес. Бұл бағдарламалық қамтымның екі негізгі қызметі бар. Біріншісі – тәуекелдерді басқару, бұл авиация индустриясында өте маңызды, және активтерді басқару. Авиаиндустрияда азаматтық авиация 11 мың тіркелген борт үшін ұсынатын шамамен 40 шақты қызмет бар – оларды шамамен 20 оператор басқарады. Сондықтан сол активтердің барлығының жұмыс жасағаны, тиісті есеп пен бақылаудың болғаны, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігімен байланысты барлық тәуекелдердің ескерілгені өте маңызды. Бұл бағдарламалық қамтымның екінші қызметі – процестерді басқару. Сертификаттар беру бойынша кез келген өзгерістер, кез келген толықтырулар авиациялық әкімшілікпен байланысты барлық мемлекеттік қызмет басқарылатын болады, жаңа модульде тіркелетін болады. Жалпы, нақты есеп пен бақылаудың жүргізілгені өте маңызды. Біз сонымен қатар өз модульдерімізді де әзірлеп жатырмыз. Болашақта авиациялық әкімшіліктің оны тек қана авиаиндустрияда емес, басқа да кез келген салада сату құқығы мен роялтиі болатын болады.

 - Дегенмен де, бұл жоба қанша уақытта енгізіледі, кімдер оны жасақтауда және бастапқы кезеңде оның құны қанша болмақ, инвестиция көздері қандай?

 - Бір жылдың құны – 250 мың еуро. Жасақтаушы – британдық «Бизнес оптикс» компаниясы. Ол өз кезегінде Швейцарияда үлкен жобаны жүзеге асырып жатқан «Глуо-нэт» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл ұйымдардың өкілдері дәл қазір Қазақстанда, олармен бірлесіп біз де жасақтау жұмысына атсалысудамыз. Барлық құқықтар Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне тиесілі болады, бұл бізге қайта сату құқығын береді. Жобаның ақырғы құны 1,6 млн еуродан аспайды.

 - Ал осы софттың ақырғы тұтынушысы кім?

 -Бүгінде бұл Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, алайда мен басқа салалардың осындай бағдарламалық қамтымды қолдануына ешқандай кедергі көріп отырғаным жоқ.

 - Бұл софт Қазақстанның авиакомпанияларына енгізілеме және осы софт арқылы олардың қозғалысын, қызметін, операцияларын бақылайсыздар ма? Жалпы, бұл қалай жүзеге асырылады?

 - Қазіргі таңда біздің жүйемізге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдармен тесттік режимде жұмыс істеудеміз. Бұдан басқа қолданыстағы лицензиялау және енгізіліп отырған жүйені интеграциялау жұмыстарымен айналысудамыз. Бұл бойынша жұмыстарды шамамен бір айда аяқтауды жоспарлаудамыз. Дәл сол кезде осы бағдарламаның артықшылығын барынша ашық көрсете аламыз. Тоғыз аптадан кейін жасақтаудың бірінші кезеңі аяқталады. Жүйеге енгізуге болатын бірден екі негізгі модуль жасақталады. Бақылау жүргізу бойынша концептуалды жұмыстар қатар жүргізілуде.

-Шамамен бір жыл бұрын Бас прокуратура Қазақстанда 300-дей әуекемесі уақыты біткен сертификатпен ұшып келгені, 200-дей ұшақтың тіпті тіркелмегені туралы ел басшылығына хабарлады. Бүгін жағдай қандай?

 - Бүгінгі таңда әуе кемелеріне берілген лицензияларды тексеру жұмыстарын аяқтадық. Жолаушылар болсын, жүк таситын болсын жұмыс барысында тәуекелі басым ұшақтардан бастадық. Біз олардың жағдайы мен ұшуға жарамдылығын тексеру керек боламыз. Авиациялық әкімшілік үшін екінші қадам сертификаттар, барлық берілетін құжаттар түгел электронды форматта болуы тиіс. Бұл цифрландыру жобасының бір бөлігі болатын. Ақырғы қадам – соңғы он жылда әуе кемелеріне берілген құжаттарға аудит жүргізу. Егер сертификаттар және ІСАО-мен келісілмеген болса, мұндай ұшақтарды қолданыстан алып тастаймыз. Соңғы тексерістер екі әуе бортының сәйкес емес екендігін анықтады, олардың ұшуға жарамдылық сертификаттары тоқтатылды, бүгінде жөндеуде. Өздеріңіз білетіндей, Bek Air ұшағы құлағаннан кейін авиациялық әкімшілік лайнерлердің сәйкестігіне тексеріс жүргізді. Нәтижесінде ұшуға жарамдылық сертификаттары қайтарылып алынды. Еуроодақта Қазақстанда барлық талаптарға сай келе бермейтін ұшақтар қолданылады деген пікір қалыптасып отыр. Осы мәселеге жіті назар аударып отырмыз. Тексерістерден кейін ұшуға жарамдылық сертификаттарынан екі авиакомпания айырылды: «Ази Эйр» мен «Джет Эйр».

 - Бас прокуратураның авиа саласы туралы хатынан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы керосиннің бағасы Лондан, Мәскеу, Дубай мен Гонконг қалаларына қарағанда қымбат тұратыны белгілі болды. Басты себеп ресейлік жеткізушілерге деген тәуелділік және делдалдардың көптеп араласуы, 20-30% қосымша ақша үстіне қосылып жатсада авиакомпаниялардың жай соған қарап отыруы. Әуежанармай бағасын түсіру мәселесі қалай шешілуде, жалпы, таусылмайтын делдалдардан қашан құтыламыз және әуежанармайы мен оның бағасына қатысты жағдай қандай?

 - Соңғы бес айда авиаотынның бағасын нарықтағы мұнай бағасын ескере отырып қарастырудамыз. Естеріңізде болар, Литва, Латвиа мен Польшадағы жағдай. Онда тойымсыз делдалдармен күрес шамамен 5 жылға жуық уақытты алды. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, ол үшін уақыт керек.

 - Сонымен қатар Бас прокуратура Қазақстандағы әуе оқиғаларын тексеру жұмыстарын сынаған болатын – осы салада қандай да бір өзгерістер бар ма, жағдай қандай?

 - Біз көлік прокуратурасымен бірлесіп тек Bek Air компаниясы бойынша емес, президенттің қаулысына сәйкес авиасалаға толығымен аудит жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін екі-үш заңбұзышулық анықталса, қатал тексерістен кейін 57 заңбұзушылық анықталды, оның үшінде 3-уі өте күрделі. Бұл үш ұшақ жөндеуге жіберілген.

-2019 жылдың желтоқсанында Алматыда Bek Air компаниясының жолаушылар ұшағы құлады. Құлаған Fokker-дің IOSA сертификаты болмаған. Қауіпсіздік деңгейін растайтын сертификаттың бұл түрі Қазақстандағы авиакомпаниялар үшін 2016 жылдан бері міндетті емес. Bek Air компаниясы осы сертификаттың талап етілмеуін өз пайдасына шешкен еліміздегі жалғыз компания болды десе де болады. Неге олай болды? IOSA сертификаты Қазақстанда міндетті нормалардың тізіміне енгізіле ме?

 - IOSA сертификаты халықаралық рейстерді орындайтын қазақстандық авиажелілерінен әлі де талап етіледі. Bek Air сотта оларға IOSA сертификаты керек емес, себебі олар тек Қазақстан аумағында ұшамыз деп дәлелдеген болатын. Бүгінгі таңда шетелге ұшатын барлық авиакомпаниялардың IOSA сертификаттары бар.

 - Бізге белгілі болғандай, «Қазаэронавигация»РМК-ның меншік үлгісін британдық үлгіге ауыстыратын болсақ еліміздің әуе кеңістігінің егемендігіне қауіп төнеді, сонымен қатар бұл саланың шығыны шаш етектен болмақ. Бұл туралы авиация саласы ардагерлерінің Қазақстан президентінің атына жазған хатында айтылған. Мемлекеттің егемендігіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты қандай түсініктеме бересіз?

 - Менің білуімше «Қазаэронавигация» өз міндеттерін тиімді орындап келеді және Қазақстанның авиа индустрия ардагерлерінің күдіктенуіне еш себеп жоқ. Реттеушінің басшысы ауысқанымен егемендігі жоғалмайды. Әуе кеңістігінің егемендігі Қазақстан үкіметі реттеп отыр. Қазақстанның Авиация әкімшілігі осы елде тіркелген акционерлік қоғам болып табыладыекторлар кеңесінің төрағасы премьер- министрдің орынбасары Роман Скляр, сондықтанда егемендікке төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.

- «Эйр Астананың» басшысы Питер Фостермен әріптес қана емес, дос екеніңіз рас па? Рас болса қаншалықты жақын достарсыздар?

-Біз Питер Фостермен дос дегеннен гөрі, жақсы қарым-қатынастамыз дегенім дұрыс болар. Біз осыдан 10 жыл бұрын танысқанбыз. Мен ол кезде ИАТА-ның аймақтық директоры болып жұмыс істейтінмін. Бүгінде тек жұмыс барысымен араласып тұрамыз. Мен көбіне қазақстандықтармен доспын. Маған Қазақстанға келіп жұмыс істеуді «Қазаэронавигация» басшысы Азат Бектұров ұсынды. Ол Лондонға жұмыс барысымен келген кезде қазақстандық авиация саласының проблемаларын талқылаған еді. Ол кезде мемлекет Еуроодақтың «қара тізімінде» болатын. Содан кейін мен Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевпен телеконференция барысында сөйлестім. Ол кезде мен зейнетте болатынмын, Қазақстаннан ұсыныс түспейінше қайығыммен жүзіп, демалып жүрген едім.

-Сұхбатыңызға рақмет!


adimage