Ақмолада Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен Т1 млрд-тан астам сұрауда

Көкшетау. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Ақмола облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен Т1 млрд-тан астам қаражат сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 165 476,1; 2024 жыл - 204 851,2; 2025 жыл - 233 366; 2026 жыл - 235 035; 2027 жыл - 235 035», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т1 073 763 300.

Мақсаты – өңірдегі этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

«Міндеттер: Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық-бұқаралық іс-шараларын, ғылыми-талдау, ақпараттық жұмысын 100% өткізу және ассамблея институтын одан әрі дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, этносаралық қарым-қатынас, қайырымдылық, волонтерлік және мемлекеттік тілді үйрену орталығы ретінде Достық үйінің жұмысын күшейту, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық жағынан нығайту жөнінде шаралар қабылдау», - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: gov.kz


adimage