Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті. Мемлекет басшысы еліміз Африка құрлығындағы халық тығыз қоныстанған және ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді», - делінген хабарда.
Өз кезегінде Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады.
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады.
«Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы байланысты жандандыру маңызды екенін атап өтті», - деп хабарлады сейсенбі күні Ақорда.
Қатысты сілтемелер
-
Бұрхан-Бұлақ сарқырамасына баратын автожолды қайта жаңартуға Т12 млрд-қа жуық жұмсамақ
15 Қаңтар 2025, 14:09 -
Қызылордада инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бюджеттен Т26 млрд-қа жуық сұрауда
15 Қаңтар 2025, 11:55