«Тапсырыс беруші – «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ; атауы - автомобиль жолдарын салуды қайта құру бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Жетісу облысы Ескелді ауданының «Бұрхан-Бұлақ» сарқырамасына баратын автомобиль жолын қайта жаңарту. Түзету (ПК 0+00-ден ПК 150+00-ге дейінгі және ПК 150+00-ден ПК 307+82-ге дейінгі учаскелері); саны - бір; өлшем бірлік – жұмыс; жоспарлы сома - Т11 956 452 086», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 17 қаңтар мен 22 қаңтар аралығында өтеді.
«Әлеуетті өнім беруші келісім шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге жазбаша түрде жасалатын жұмыстардың түрін, көлемін және уақытын көрсете отырып бекіту үшін жұмыс кестесін ұсынуға міндетті. Келісім шарт жасалған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде тапсырыс берушіге участоктың басшысы және мастері туралы мәліметтерді жазбаша түрде автомобиль жолдарының құрылысы саласында жоғары білімін растайтын дипломдарының көшірмесін қоса отырып жолдауға міндетті. Келісім шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде сметалық құжаттамада көрсетілген техникалар, механизімдер және құралдар объектінің басына жұмылдырылуы және ол туралы Тапсырыс берушіге осы күн ішінде жазбаша хабарлануы тиіс», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: eltourism.kz