Ұлттық ғылыми медициналық орталығына 2026 жылдың соңына дейін Т15 млрд жұмсамақ

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамына 2026 жылдың соңына дейін Т15 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 16 ақпандағы №68 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 2 тармақтын 1) тармақшаның 3-абзацы келесі редакцияда жазылсын: «2026 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде 15 000 000 000 (он бес миллиард) теңге сомасына жалпы төсек қоры 500 (бес жүз) төсектен аспайтын клиниканың материалдық-техникалық базасын, соның ішінде заманауи құрал-жабдықтарды сатып ала отырып, қоғамның ғимараттары мен құрылыстарын қайта құру, күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоса алғанда, кеңейтуге», - деп үкімет қаулысының жобасында айтылған.

Қазіргі қолданыстағы 2-тармақтың 1) тармақшасының 3-абзацы тұжырымдауы мынадай түрде жазылған: 500 (бес жүз) төсектік клиниканың екінші кезегін салуға 15000000000 (он бес миллиард) теңге (1-ші жыл – 70000000 (жетпіс миллион) теңге, 2-ші жыл – 130000000 (жүз отыз миллион) теңге, 3-ші жыл – 3800000000 (үш миллиард сегіз жүз миллион) теңге, 4-ші жыл – 5000000000 (бес миллиард) теңге, 5-ші жыл – 6000000000 (алты миллиард) теңге) инвестиция салу.

Түсіндірме жазбаға сәйкес, жобаны қабылдау Ұлттық ғылыми медициналық орталығының материалдық-техникалық базасын кеңейтуге, соның ішінде заманауи құрал-жабдықтарды сатып ала отырып, қоғамның ғимараттары мен құрылыстарын қайта құру, күрделі жөндеу, жаңғыртуға 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде инвестициялар енгізуге мүмкіндік береді.

Жоба авторлары осы жобаны іске асыру медициналық қызметтердің сапасын арттыруды, заманауи медициналық технологияларды енгізуді, халықты медициналық қызметтермен кеңінен қамтуды; сапалы диагностикасы бар заманауи зертханаларды (жасушалық технологиялар орталығы) енгізуді және «ҰҒМО» АҚ медициналық қызметтеріне пациенттердің қанағаттану көрсеткішін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage