Маңғыстау жастарының кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге Т4,1 млрд сұрауда

Ақтау. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Маңғыстау облысы жастарының кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге бюджеттен Т4,1 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жастардың кәсiпкерлiк бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 0; 2023 жыл - 815 000; 2024 жыл - 1 100 000; 2025 жыл - 1 100 000; 2026 жыл - 1 100 000», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т4 115 000 000.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, көзделген шығыстар сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайтын жастарға арналған шағын несие үшін бағытталған.

Мақсаты – жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу болып табылады.

«Міндеттер: жастарға жеңілдікпен кредит беру - 2024 жылы кемінде 220 адам, 2025 жылы кемінде 220 адам, 2026 жылы кемінде 220 адам», - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: pixabay.com


adimage