Қазақстанның 13 облысында сәрсенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның 13 облысында сәрсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«15 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі», - делінген хабарда.

15 қаңтарда түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Атырау қ.: 15 қаңтарда түнде көктайғақ күтіледі.

15 қаңтарда Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

15 қаңтарда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 15 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

15 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 15 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Орал қ.: 15 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

15 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 15 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

15 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с.

15 қаңтарда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

15 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 15 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

15 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.

15 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 15 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі.

adimage