Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР батысы мен солтүстігінде қар жауады. Оңтүстігінде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық бөліктерінде антициклонның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысында және оңтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Еліміздің барлық аумағында көктайғақ күтіледі. Қазақстанның солтүстігінде, шығыс мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -6-8.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -4-6, күндіз +4+6.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы 0-2, күндіз +8+10.
Ақмола облысында күндіз батысы мен солтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы күндіз -5-10 және түнде -8-13.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -14-19 және күндіз -4-9.
Қарағанды облысында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -8-13, күндіз -4-9.
Батыс Қазақстан облысында түнде шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -6-11, күндіз 0-5.
Атырау облысында түнде оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -5-10 және күндіз -3+2.
Маңғыстау облысында батысында, солтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -3+2 және күндіз 0+5.
Ақтөбе облысында түнде барлық аумағында, күндіз оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде -5-10 және күндіз -4-9.
Қостанай облысында батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -7-12 және күндіз -2-7.
Солтүстік Қазақстан облысында батысы мен солтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы түнде -7-12, күндіз -5-10.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -7-12, күндіз -2-7
Абай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -11-16, күндіз -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз -6-11, түнде -20-25.
Қызылорда облысында күндіз батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -5-10, күндіз 0-5.
Түркістан облысында тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -4+1, күндіз +6+11.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +7+12, түнде 0-5.
Алматы облысында да жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1-6, күндіз +2+7.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -16-21, күндіз 0+5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Бұрхан-Бұлақ сарқырамасына баратын автожолды қайта жаңартуға Т12 млрд-қа жуық жұмсамақ
15 Қаңтар 2025, 14:09 -
Қызылордада инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бюджеттен Т26 млрд-қа жуық сұрауда
15 Қаңтар 2025, 11:55