Алматы облысында теннис клубы аумағында өрт болды

Қонаев. 14 қаңтар. ҚазТАГ- Талғар ауданының Бесағаш ауылында әкімшілік ғимарат пен жеке теннис клубының құрылыстары 1000 шаршы метрден астам аумағы отқа оранды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Талғар ауданының Бесағаш ауылында жеке теннис клубының аумағында әкімшілік ғимарат, тенттен жасалған каркасты құрылыс, теннис кортының жабыны мен үрлемелі күмбез жанған.
Жалпы ауданы мың шаршы метрден астам алаңдағы өрт сөндірілді»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Өрт сөндірушілер келген кезде өрт ашық жанып, көрші үйге және жақын орналасқан теннис кортына таралу қаупі болды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Фото көзі: Пресс-служба МЧС РК


adimage