«Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді»,- делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз аң аулауға шығып, киіктерді автокөлікпен қуып, жануарлар табынына оқ атқан.
Олардың көлігін табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары тоқтатқанда, көлік ішінде 30-дан астам киік еті, 5 киік басы барын анықтаған. Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.
«Бір сотталушының жазасын ауырлататын мән-жаулар ретінде оның ішкі істер органдары қызметкерінің антын бұза отырып, құқық бұзушылық жасағаны танылған»,- делінген хабарламада.
Фото көзі: nashzelenyimir.ru