Атырауда балалар ойын кешенінің бір жиынтығын Т767 млн-ға сатып алмақшы

Атырау. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Атырауда балалар ойын кешенінің бір жиынтығын Т767 млн-ға сатып алмақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; атауы - ойын кешені; қосымша сипаттамасы - жиынтықта балалар ойын кешенін сатып алу; саны - бір; өлшем бірлік - комплект; жоспарлы сома - Т767 163 600», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 14 қаңтарда басталған, 30 қаңтарға дейін жалғасатын болады.

«Өнім беруші сатып алынатын тауарды орнату және монтаждау қызметтерін жүзеге асырады және бес жұмыс күні ішінде сапасыз тауарды ауыстыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді», - деп сатып алынатын тауардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: mgorod.kz


adimage