«Тапсырыс беруші – «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» ММ; атауы - тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Шымкент қаласында 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығын салу (байластыру); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т12 289 457 339», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 30 қазанда басталған, 14 қарашада аяқталады.
«Өнім беруші тауарларды ұлттық және халықаралық стандартқа сәйкес алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларымен алу талап етіледі», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: pixabay.com