«12 қаңтарға қараған түні жеке тұрғын үй аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс отбасылық жанжал салдарынан жасалған»,- делінген хабарламада.
Фото көзі: ©Мадина Алимханова