Қарағандыда бір автожол салуға Т3,7 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ

Қарағанды. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағандыда бір автожол салуға Т3,7 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ; атауы - автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Қарағанды қаласында Приканальная көшесі автомобиль жолын салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 659 492 740», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 9 қаңтарда басталған, 24 қаңтарда аяқталады.

Фото көзі: gov.kz


adimage