Солтүстік Арал теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ- Солтүстік Арал теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

«Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезең қорытындысы бойынша теңіздегі су көлемі 42%-ға артып, 27 млрд текше метрге жетті. Теңіз суының тұздылығы төрт есеге жуық төмендеп, жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жетті»,- делінген хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек, Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасы үш негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қарастырылған.

2024 жылы Аралға 2,6 миллиард текше метрге жуық су жіберілген болатын. Соның ішінде суару кезеңінде рекордтық көлем - 1 миллиард текше метр су барды.

Фото көзі: www.api.russian.eurasianet.org


adimage