Павлодар облысында жолдағы ақаулар үшін бес лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Павлодар. 13 қаңтар. ҚазТАГ- Павлодар облысында жолдағы ақаулар үшін бес лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің ресми интернет- ресурсы.

«Жолдарда жұмыстарды жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына айыппұл салынды»,- делінген хабарламада.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде әкімшілік полиция қызметкерлері екі мың шақырымға жуық автожолды тексерді. Нәтижесінде 51 ақау анықталды, олар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.

Фото көзі: ukrinform.ru


adimage