Петропавлда балабақша құрлысына Т1,7 млрд жұмсамақ

Петропавл. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Петропавлда балабақша салу бойынша жұмыстар Т1,7 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; атауы - тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 280 орындық балабақша салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 707 922 114», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 16 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында өтеді.

Фото көзі: gov.kz


adimage