Жұма күні Қазақстанда жауын-шашын және аптап ыстық күтіледі

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанда жауын-шашын және аптап ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, екпінді жел тұрады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. ҚР тек солтүстігінде түнде және ертеңгісін тұман күтіледі», - делінген хабарда.

Күндіз, Жамбыл, Алматы облыстарында, Түркістан облысында, Жетісу облысында, Абай, Ұлытауда, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Павлодар облысында аптап ыстық күтіледі. Күндіз Алматының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Түркістанның шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында аптап ыстық күтіледі.

«Қызылордада, Түркістанда, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағандының солтүстік-батысында, Жамбылдың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Алматының оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Маңғыстауда, Атыраудың оңтүстігінде, шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Түркістанның оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорданың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +26+28.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +22+24, күндіз +34+36.

Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 5-10 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +39+41, түнде +23+25.

Ақмола облысында күндіз +23+28, түнде +15+20.

Ұлытау облысында күндіз +31+36, түнде +20+25 (солтүстігінде +17).

Қарағанды облысында күндіз +28+33 (оңтүстігінде +37), түнде +16+21 (оңтүстігінде +25).

Солтүстік- Қазақстан облысында күндіз +19+24 (шығысында +27), түнде +11+16.

Қостанай облысында күндіз +18+23 (оңтүстігінде +27), түнде +15+20.

Ақтөбе облысында күндіз +20+25 (оңтүстігінде +28), түнде +10+15 (облыстың оңтүстігінде +18).

Абай облысында күндіз +30+35 (оңтүстігінде +38), түнде +17+22.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз +30+35 (шығысында +25), түнде +15+20 (шығысында +12).

Павлодар облысында күндіз +30+35, түнде +13+18 (солтүстігінде +10).

Алматы облысында күндіз +33+38 (солтүстігінде, орталығында +41), таулы аудандарында +23+28, түнде +20+25 (таулы аудандарында +10+15).

Жетісу облысында күндіз +34+39 (солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында +41), таулы аудандарында +29), түнде +16+21 (таулы аудандарында +12).

Түркістан облысында күндіз +37+42 (шөлді аудандарында +45), түнде +23+28 (таулы аудандарында +20).

Батыс Қазақстан облысында күндіз +25+30 (шығысында +22), түнде +12+17.

Атырау облысында күндіз +27+32, түнде +15+20.

Маңғыстау облысында күндіз +28+33 (оңтүстігінде +36), түнде +18+23.

Қызылорда облысында күндіз +31+36, түнде +20+25 (солтүстігінде +17).

Жамбыл облысында күндіз +35+40 (батысында +43, таулы аудандарында +32), түнде +23+28 (таулы аудандарда +18).

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage