Ресей Қазақстаннан ауыл шаруашылығы шикізатының бірнеше түрін жеткізуге уақытша тыйым салды

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ- 17 қазаннан бастап Ресей Қазақстаннан ауыл шаруашылығы шикізатының бірнеше түрін жеткізуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Ресей федерациясы 2024 жылғы 17 қазаннан бастап Қазақстаннан ауыл шаруашылығы шикізатының бірнеше түрін жеткізуге уақытша тыйым салды»,- делінген Россельхознадзор шешімінде.

Шешімге сәйкес, тізімге бидай (жұмсақ және қатты), жасымық және зығыр тұқымдары кіреді. Үшінші елдерден шығарылатын қызанақ, бұрыш, күнбағыс тұқымдарын (тұқымдар үшін) және Қазақстаннан шыққан бақша дақылдарын Қазақстан аумағынан Ресейге жеткізуге (рұқсат етілген транзитсіз) толық тыйым салынады.

Бұл ретте, Қазақстан тарапы фитосанитариялық сертификаттарды тікелей түпкілікті баратын елге берген және астықты вагондардан тікелей кеме трюмдеріне берген жағдайда, осы өнімдердің барлығының Ресей аумағы арқылы транзитіне рұқсат етіледі.

Фото көзі: pixabay.com


adimage