Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен ҚР батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі, батысында нөсер жаңбыр жауады. Республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Елімізде түнде және ертеңгісін тұман түседі, батысында, оңтүстігінде, шығысында- жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында - көктайғақ», - делінген хабарда.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +10+12.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -1-3, күндіз +9+11.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +16+18, түнде +2+4.

Түнде Алматы облысында және Жетісу облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарында -1-6 дейін үсік сақталады.

Ақмола облысында күндіз +8+13, түнде -1-6.

Ұлытау облысында күндіз +8+13, түнде -2+3.

Қарағанды облысында күндіз +7+12, түнде -1-6.

Батыс Қазақстан облысында күндіз +10+15, түнде +5+10.

Атырау облысында күндіз +9+14, түнде +5+10.

Маңғыстау облысында күндіз +15+20, түнде +8+13.

Ақтөбе облысында күндіз +7+12, түнде 0, +5.

Қостанай облысында күндіз +8+13, түнде -4-9.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +5+10, түнде -3-8.

Павлодар облысында күндіз +5+10, түнде -2-7.

Абай облысында күндіз +1+6, түнде -4-9.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз +1+6, түнде -2-7.

Қызылорда облысында күндіз +13+18, түнде 0, +5.

Түркістан облысында күндіз +15+20, түнде +1+6.

Жамбыл облысында күндіз +9+14, түнде 0, +5.

Алматы облысында күндіз +7+12, түнде -1-6 дейін үсік жүреді.

Жетісу облысында күндіз +6+11, түнде -2-7 үсік жүреді.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейі құбылады», - деп ескертті синоптиктер.


adimage