Ресей Қазақстаннан ішкі рейстерін ұйымдастыруға көмек сұрады

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ- Ресей Қазақстаннан ішкі рейстеріне ұйымдастыруға көмек сұрады, деп хабарлайды The Moscow Times.

«Ресейдің көлік министрлігі Қазақстанның әуе компанияларын Ресейдегі ішкі рейстерге тарту мақсатында келіссөз жүріп жатыр»,- деп Роман Старовойт хабарлаған болатын.

The Moscow Times жазуынша, Ресей өзіне «достық пейілдегі» мемлекеттерден ішкі рейстерін ұйымдастыруға көмек сұрады. Өйткені ресейлік әуе компанияларының ішкі рейстерге ұшағы жетпей жатыр.

Старовойттың айтуынша, сөз каботаж тасымалs туралы болып отыр. Яғни шетелдік әуе компаниясы өзге елдің ішкі рейстерін орындайды.

«Ресейде мұндай құқыққа қазір тек отандық әуе тасымалдаушылары ғана ие»,- делінген хабарламада.

Фото көзі: КазТАГ/©Айнаш Сейтмуратова


adimage