Астанада көпфункционалды кешеннің құрылысына Т11,3 млрд жұмсамақ

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Астана қаласында көпфункционалды кешенді салу бойынша жұмыстарға Т11,3 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Астана қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - тұрғын ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы – «Астана қаласы, Нұра ауданы, Қ. Мұхамедханов және Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы маңы мекенжайында орналасқан көпфункционалды кешен салу» объект бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т11 319 243 613,4», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 24 қазанда басталып, 8 қарашаға дейін жалғасады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage