Талдықорғандағы бір тұрғын ауданның жолдарын жөндеуге Т3 млрд-тан астам жұмсауды жоспарлап отыр

Талдықорған. 18 ақпан. ҚазТАГ – Талдықорған қаласындағы бір тұрғын ауданның жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына Т3 млрд-тан астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ; атауы - работы по капитальному ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Талдықорған қаласындағы Жастар-2 тұрғын ауданының жолдарын күрделі жөндеу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 021 810 462», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 20 ақпанда басталып, 25 ақпанға дейін жалғасады.

«Мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау құжаттамасына, ҚР заңнамасының және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыру тиіс; құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық (кiру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлері мен нысандарын жүзеге асыруы қажет; атқарушылық техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуі қажет», - деп жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: gov.kz


adimage