Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасы жеңілдеуі мүмкін, «Самұрық-Қазына» Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан үш компанияға иелік ете бастады және тағы басқа тақырыптар дайджесті

Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасы жеңілдеуі мүмкін, «Самұрық-Қазына» Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан үш компанияға иелік ете бастады және тағы басқа тақырыптар дайджестін ҚазТАГ агенттігі ұсынады.

«Самұрық-Қазына» Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан үш компанияға иелік ете бастады

Қазақстан қор биржасындағы ақпаратқа сәйкес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының меншігіне Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан үш компания толық өтті, деп хабарлайды «Курсив».

Қор 14 ақпаннан «Ақмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС және «Топаз – НС» ЖШС компанияларындағы 100% қатысу үлесіне иелік ететін болды.

Бұл компанияларды 2022 жылға дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдымен байланыстырған.

Ақтөбеде спорт мектебінің басшылары Т12 млн бюджет қаражатын құмар ойынға салған

Ақтөбе облысы прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс болған қаражатты екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтады, деп хабарлайды Turkistan.
Олар Т12 млн-нан астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған.

Аталған фактілер бойынша прокуратура екі қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық экономикалық тергеу департаменті жүргізді.

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Қазақстанда көлікті мас күйде жүргізген үшін жаза жеңілдетілуі мүмкін

Сенат депутаты Марат Қожаев мас көлік жүргізушілеріне қатысты жазаны жеңілдету туралы ұсынысты талқылауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бастапқыда жүргізуші куәлігін бір жылға айыру қарастырылған еді, кейін екі жылға, содан кейін мерзім бес-жеті жылға дейін ұзартылды. Мас күйінде көлік жүргізу тоқтаған жоқ. Ауыр жол апаттары орын алып, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілді», - деді ол.

Оның айтуынша, жазаның тым қатаңдығы қоғамға әсер етіп жатыр.

«Бұл мәселенің екінші жағы бар: жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған кейбір азаматтар бізге шағыммен жүгінеді. Егер адамның кәсібі жүргізуші болса және ол осындай жазаға тартылса, отбасын асырауы керек қой. Сондықтан жеті жыл тым ұзақ емес пе?, деген сұрақ туындайды. Қазір мәжілістегі әріптестеріміз бұл мәселені қарастырып жатыр. Егер ол сенатқа келіп түссе, біз де оны талқылаймыз», - дейді сенатор.

Лифт ішінде балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім оқшауланбайтын болды

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астана лифтінде балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің ісі бойынша қызметтік тергеу жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оның айтуынша, психикалық ауруы бар балалардың қамқоршылары оларды үнемі бақылауда ұстауға міндетті.

«Емдеуді бақылайтын және жүргізетіндер тарапынан ешқандай заң бұзушылықтар жоқ. Тағайындалған емнің өз әсері болды. Бұл ауруханаға жатқызу кезінде бірнеше рет расталды», - деді Нұрлыбаев.

Сонымен қатар ол емдеу тиімді болғандықтан жасөспірімнің оқшауланатын топқа жатпайтынын атап өтті.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage