Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар және қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің солтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында қар жауады, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашынды (қар, жаңбыр). Тек республиканың шығысында, орталығында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде – жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ккейде тұман түседі. Солтүстік- шығыстан түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -4-6.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +5+7.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1+1, күндіз +14+16.
Ақмола облысында батысы мен солтүстігінде қар жауады. Түнде ауа температурасы -18-23, күндіз -2-7.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Түнде -11-16 және күндіз ауа температурасы 0-5.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Түнде -13-18 және күндіз ауа температурасы -3-8.
Батыс Қазақстан облысында түнде оңтүстігі мен шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -16-21 және күндіз -5-10.
Атырау облысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -7-12, күндіз 0-5.
Маңғыстау облысында қар аралас жаңбыр жауады, батысы мен орталығында қалың қар жауады. Түнде ауа температурасы -3-8, күндіз -3+2.
Ақтөбе облысында қар жауады, күндіз батысында кейде қалың қар жауады. Түнде ауа температурасы -9-14, күндіз -5-10.
Қостанай облысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -15-20, күндіз -7-12.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстігі мен шығысында, күндіз оңтүстігі қар жауады. Түнде ауа температурасы -17-22, күндіз -11-16.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -17-22, күндіз -7-12.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Түнде -13-18 және күндіз ауа температурасы -2-7.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде -18-23 және күндіз ауа температурасы -4-9.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде -2+3.
Жамбыл облысында күндіз тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде -4+1.
Алматы облысында күндіз тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +4+9, түнде -3-8.
Жетісу облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +2+7, түнде -7-12.
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік- шығысындағы таулы өзендерінде судың ауытқуы байқалады. Жазықтықтағы өзендерде қысқы салқын сақталады", - деп ескертті синоптиктер.
Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар және қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде
