Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатқа Т940 млн-нан астам жұмсауды жоспарлап отыр

Қонаев. 20 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бюджеттен Т940 млн-нан астам жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласында саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 156 326; 2024 жыл - 195 206; 2025 жыл - 185 731; 2026 жыл - 196 280; 2027 жыл - 206 794», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т940 337 000.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, шығындар бекітілген штаттық кестеге сәйкес аппаратты жүргізу, аппарат қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаты – Алматы облысында табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

«Міндеттер: бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктеріне сәйкес бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражатты жұмсау», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage