Ақтөбе. 20 ақпан. ҚазТАГ – Екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары Т12 млн жымқырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған деп айыпталуда, деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Олармен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражаттары жеке қажеттіліктеріне, оның ішінде букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салынған», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, облыс прокуратурасымен екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорларымен, спорт алаңдары және залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс қаражаттарды жымқырғандарын анықтады.
«Аталған фактілер бойынша прокуратурамен 2 қылмыстық іс тіркелді. Олар облыстық Экономикалық тергеу департаментімен тергеп-тексерілді. Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды», - делінген хабарда.
Ақтөбе облысында екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары Т12 млн жымқырған деп айыпталуда
