Ақмолада облыстық автожолдың 9 шақырымға жуық учаскесін орташа жөндеуге Т963 млн-нан астам жұмсамақ

Көкшетау. 20 ақпан. ҚазТАГ – Ақмола облысында облыстық маңызы бар автожолдың 9 шақырымға жуық учаскесін орташа жөндеуге Т963 млн-нан астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемес; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы -КС-21«Бузулук-Алматы» облыстық маңызы бар автомобиль жолы 0-8,85 шақырымына орташа жөндеу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т963 296 573», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 21 ақпанда басталып, 3 наурызға дейін жалғасатын болады.

Фото көзі: remontdorog.by


adimage