Сейсенбі күні Қазақстанның кей өңірлерінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның кей өңірлерінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Бұрынғысынша ҚР басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Республика бойынша жел күшейеді, түнде және ертеңгісін тұман түседі, оңтүстік-батысында көктайғақ», - делінген хабарда.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз 0 шамасында.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы 0-2, күндіз +9+11.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел тұрады. Күндіз +15+17 және түнде +2+4.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы -4+1, түнде -7-12.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -2-7 және күндіз -2+3.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -5-10, күндіз -4+1.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1-6, күндіз 0+5.

Атырау облысында күндіз батысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 0+5.

Маңғыстау облысында батысында және орталығында қар аралас жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1+6, күндіз +8+13.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2-7, күндіз 0+5.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -9-14, күндіз -1-6.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -10-15, күндіз-1-6.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -12-17, күндіз -2-7.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы-12-17, күндіз -1-6.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -9-14, күндіз 0-5.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1-6, күндіз +2+7.

Түркістан облысының түнде және ертеңгісін батысы мен оңтүстігіндегі тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз +10+15.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз +6+11.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -4-9, күндіз +7+12.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, ары қарай мұз қату процесі жалғасады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage