«Тапсырыс беруші – «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ; атауы - автомобиль көпірлерін салу бойынша құрылыс жұмыстары; қосымша сипаттамасы - Қызылорда облысы Қазалы ауданының «Қазалы - Қожабақы - Бозкөл - Кәукей» аудандық маңызы бар автомобиль жолының Қарлан учаскесінің 16 км-де Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу жұмыстарын аяқтау; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т2 952 959 689,29», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 2 желтоқсан мен 17 желтоқсан аралығында өтеді.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстары жоба-сметалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек. Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың 8.8 тармағына сәйкес, тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс көлемінің екіден бірінен көбін қосалқы мердігерге берген кезде тапсырыс беруші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бір жақты тәртіппен шартты бұзуға құқылы», - деп сатып алынатын жұмыстың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: gov.kz