Байқоңырда адам ұрлығын ұйымдастырушы 10 жылға сотталды

Байқоңыр. 26 қараша. ҚазТАГ - Байқоңырда екі адамды ұрлап, оларды гаражда ұстап, ұрып-соққан күдікті 38 жастағы Ресей азаматы 10 жылға бас бсотандығынан айырылды, жазасын ерекше режимдегі абақтыда өтейтін боалды, деп хабарлады "Байқоңыр"кешеніндегі Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің тергеу бөлімінің (басқару құқығындағы) баспасөз қызметі.

"Сот адам ұрлығын ұйымдастырушыны ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеу үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.

Ер адам бұрын да кісі өлімі үшін сотталған.

Қылмыс 2021 жылы орын алған. Сол кезде сотталушы зардап шегушілерді заңсыз ұстауды ұйымдастырған. Нәтижесінде олардың біреуінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Істі тергеуді Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешеніндегі тергеу комитеті, Ресей ФСБ және Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел бөлімшелері бірлесіп жүргізді.

Қазақстан азаматтары болып табылатын қылмыстың қалған қатысушыларына қазақстандық сот ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
.

adimage