Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 2 млн. гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2024 жылдың басынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн. гектар аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді», - делінген хабарда.
Ауыл шаруашылықмині хабарлағандай, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.
Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн. гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді.
«Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде», - делінген ведомство ақпарында.
ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды.
Қатысты сілтемелер
-
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің шығындарын өтеуге бюджеттен Т1,6 млрд сұрауда
26 Қараша 2024, 13:26 -
Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел маманы жұмыс жасап жүр
26 Қараша 2024, 11:50 -
Байқоңырда адам ұрлығын ұйымдастырушы 10 жылға сотталды
26 Қараша 2024, 11:33 -
Қазақстандықтардың БЖЗҚ-ға ерікті зейнетақы жарналары өскен
26 Қараша 2024, 11:21