Павлодар. 18 қараша. ҚазТАГ- Павлодарда Қазақ КСР Халық әртісі Рүстембек Омаровтың туғанына 105 жыл толуына арналған алғашқы республикалық "Жастық шақ" домбырашылар байқауы аяқталды. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 32 домбырашы келді. Төрт күн ішінде 16-35 жас аралығындағы жас өнерпаздар халық күйлерін, қазақ композиторлары мен маэстроның өзі Рүстембек Омаровтың шығармаларын орындауда бақ сынасты.
Ол Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген, әке-шешесінен ерте жетім қалып, балалар үйінде тұрған. Оны музыкалық-драма театрының артисі және Жамбыл атындағы филармонияның бірінші хор капелласының негізін қалаушы, туған көкесі Темірболат Арғынбаев балалар үйінен Алматыға алып кеткен. Арғынбаев 14 жасар Рүстембекті қазақ халық аспаптар оркестрін құруды қолға алған Ахмет Жұбановқа алып келеді. Сөйтіп 16 жасында Омаров Ленинград консерваториясының жанындағы музыкалық училищеге орыс халық аспаптары бөліміне оқуға түседі. 18 жасында әскер қатарына шақырылып, кейін соғыс басталып, содан Балтық жағалауына соғысқа кете барады. Нашар қаруланған және іс жүзінде оқытылмаған жас сарбаздар тұтқынға түсе бастайды. Рүстембек Омаров та үш жерлесімен бірге Норвегиядағы концлагерьге тап болады. Сол жақта ол фанера мен қармақтың жібінен домбыраға ұқсас аспап жасап, Моцарттың "Рондо" шығармасын орындайды. Мұны естіген неміс офицері тұтқынның өнеріне таң қалып, Рүстембек пен оның үш жерлесіне консервілер, нан және шоколад берген екен. Осылайша киелі домбыраның арқасында Омаров өзі аман қалып қана қоймай, үш қазақты да аштықтан құтқарған екен.
Соғыс аяқталғаннан кейін Омаров құрылысқа жіберіліп, кейін Алматыға оралып, консерваторияны бітіріп, Құрманғазы атындағы оркестрдің концертмейстері болады, радио мен теледидарда көптеген жеке концерттер бераді. Рүстембек Омаров виртуоз-домбырашы болды, оған Нұрғиса Тілендиев, Ахмет Жұбанов, Роза Бағланова, Шәмші Қалдаяқов және өткен ғасырдың басқа да музыканттары құрметпен қарады. Бибігүл Төлегенова маэстроны үлкен ағасы әрі ұлы орындаушы ретінде еске алады. Рүстембек Омаров 1988 жылы қайтыс болды, содан бері оның есімі ұмытылды.
2017 жылы Павлодарда көрнекті күйші, дәулескер домбырашының 100 жылдық мерейтойына орай оның есімі Талғат Кәрімов жетекшілік ететін қазақ халық аспаптар оркестріне берілді.
Биыл Иса Байзақов атындағы филармонияның, Естай атындағы музыка колледжі мен мәдениет сарайының бастамасымен Павлодар әкімдігінің қолдауымен күйші, домбырашы және композитор Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына орай алғашқы республикалық домбырашылар байқауын өткізу туралы шешім қабылданды. Оның мерейтойы 14 жасар баланы Алматыға әкеліп, музыка және өнер әлеміне енгізген ағасы әрі музыкант Темірболат Арғынбаевтың 135 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осы тамаша музыканттар мен олардың шығармашылық мұралары туралы деректі фильм түсірілген болатын. Авторы - облыстық филармонияның қызметкері Салауат Темірболатұлы. Фильм гала-концертте және байқаудың ашылуында көрсетілді. Төрт күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік жас музыканттар қазақ композиторларының күйлері мен шығармаларын орындау шеберлігімен жарысты. Байқаудың ақтық бөліміне 32 қатысушының тоғызы ғана өтіп, қазылар алқасына солардың ішінен ең үздігін таңдау оңайға соқпады.
Сонымен, бас жүлде мен Т1 млн ақшалай сыйлыққа атыраулық Жәнібек Жәмиев ие болды. Бірінші орынды алматылық Жантілек Жұмагелдиев, екінші орынды павлодарлық Мәди Төлеев пен астаналық Дарын Құдайбергенов бөлісті. Семейден келген домбырашы Ерболат Талапхан мен Астанадан келген Дәулет Қуанар үшінші орынға ие болды. Өскемендік домбырашы Ерасыл Ринат Рүстембек Омаровтың атаулы дипломына иеленді. Ұйымдастырушылар байқауды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр және келесі байқау екі жылдан кейін өтеді деп күтілуде.
Конкурстың ашылуына Темірболат Арғынбаевтың немерелері Бауыржан мен Баян Рамазановтар, сондай-ақ Рүстембектің қызы -Қарлығаш Омарова келді. Олар байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, туысы, өткен ғасырдың музыканты туралы естеліктері және ұмтылып бара жатқан халық әуендерін жандандырғаны үшін павлодардық ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қатысты сілтемелер
-
Kaspi.kz режиссер Айсұлтан Сейітовтың Tynyq музыкалық тобы туралы фильмінің түсірілімін қолдады
5 Желтоқсан 2024, 15:44 -
Алматы облысында саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың құрметіне ескерткіш-бюст ашылды
3 Желтоқсан 2024, 08:59 -
Талғарлық Хасанды заңсыз карьерлермен байланыстырды - полиция не дейді?
27 Қараша 2024, 16:40