Қонаев. 27 қараша. ҚазТАГ – Полиция қызметкерлері Қазақстан Халық партиясының төрағасы-мемлекет қайраткері Ермұхамет Ертісбаевтың "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) лидері және қылмыс әлемінің авторитеті болуы мүмкін Хасан Қасымбаев және оның Алматы облысы Талғар ауданындағы заңсыз карьерлар туралы бұрын жариялаған ақпаратына қатысты ҚазТАГ редакциясының сауалына жауап берді.
"ІІМ өз құзыреті шегінде пайдалы қазбалар мен бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысатын қылмыстық топтардың, оның ішінде Алматы облысында да олардың қызметін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауда. Нәтижесінде, ағымдағы жылы Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылының ("Үлкен Алматы каналының" сол жағалауы) аумағындағы Талғар өзенінің бойында 27 455 текше метр аумақта "балласт" жалпы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінен ҚазТАГ редакциясының сауалына.
Алматы облысының полиция департаментінде Талғар ауданы бойынша 11 жұмыс істеп тұрған карьер барын мәлімдеді.
"Оның тоғызында келісімшарты, екеуінде лицензиясы бар. Аталған карьерлерде кен өндіру уәкілетті органдар берген лицензия негізінде жүргізіледі. Құжаттарды тексеру кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Заңсыз өндірудің жолын кесу және кінәлілерді жауапқа тарту үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Карьерлер қызметінің заңдылығын тексеруге кешенді комиссия құру үшін біз Алматы облысы бойынша экология департаментіне, сондай - ақ сусымалы жүктерді тасымалдайтын адамдарды тексеруге сұрау салдық, сондай-ақ Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы РМБ-ға сұрау салдық", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.
ПД-де бүгінгі таңда заңсыз қызметті жүзеге асырып жатқан бірнеше карьерлер анықталғанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта осы объектілерді құруға және басқаруға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Карьерлерде қандай да бір құжаттама, сондай-ақ ресми атаулар жоқ. Мысалы, осындай карьерлердің бірі Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округінде, БАК бойында орналасқан. Заңсыз қызмет жүргізетін осы кареьер бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы облысының Экология департаментіне жолданды", - деп толықтырды өңірдің құқыққорғаушылары.
Сондай-ақ, редакция Алматы облысының әкімдігіне сауал жолдады, олар лицензиялары негізінде Кеңдала ауылдық округінде карьерлерді қазумен келесі заңды тұлғалар айналысатынын хабарлады: "Өзентас" ЖШС, "Арсамаков и. М." ЖК, "Ақтас м" ЖШС, "Компания Сапа 2004" ЖШС, "Талғар кірпіш зауыты" ЖШС, "Магрупов А." ЖК, "ЭРА-2013" ЖШС, "Жеті ТАС" ЖШС, "Беген" ЖШС, "Юка Трей"ЖШС.
Бұған дейін Ертісбаев жасөспірімнің өлімі туралы көптеген резонанстық жарияланымдарда сөз болған қылмыс әлемінің авторитеті болуы мүмкін Хасан Қасымбаев туралы өзінің интернеттегі аккаунтында жазған материалында Алматы облысы Талғар ауданының Кендала ауылдық округінде өте үлкен ауқымды карьерлерде балласт, қиыршық тас, құм және басқа да қатты пайдалы қазбалар өндірілетіні туралы ақпаратты жариялап, өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хатына сілтеме жасай отырып, Министрліктің жер қойнауын пайдаланушылар тізіліміне сәйкес Алматы облысы Талғар ауданы Кендала ауылдық округінің аумағында қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге құқық берілмегенін жазады. Айта кетейік, аталған ауылдық округте заңсыз өндіру жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қылмыстық топпен жасырын ынтымақтастығының арқасында жұзеге асырылуы мүмкін деген пікір бар.
Бұған дейін ҚазТАГ полицияның бір топ қызметкері Талғар ауданында «Хуторские» ҰҚТ бар-жоғын анықтауға кіріскенін хабарлаған еді.
Еске салсақ, Талғарда 4 қазанға қараған түні кәмелетке толмаған Шерзат Болатты өлтіріп кеткен болатын. Аталмыш іс бойынша 10 күдікті ұсталды. 18 қазанда полиция осы резонанстық іс бойынша «Қ» деген біреуді ұстаған.
ҚазТАГ бұған дейін жергілікті тұрғындардың көптеген мәлімдемелеріне қарамастан, Алматы облысының Талғар ауданында "Хутор" ҰҚТ-ның (оның ықтимал көшбасшысы Хасан Қасымбаев деп аталады) бар екенін полиция қатаң түрде мойындамайтыны туралы материал жариялаған болатын, бірақ бұл жағдайда мәселе жергілікті қауіпсіздік күштерінің өзінде де болуы мүмкін.
15 қазанда баспасөз мәслихаты кезінде ҚазТАГ журналисінің сұрағына Қазақстан Ішкі істер министрлігінде "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы олар 2017 жылы айтылғанына қарамастан білмейтіні туралы жауап берілді. Бұл мәселе бойынша редакция ІІМ "Хутор" ҰҚТ туралы "әдейі" білмейді немесе "есінде жоқ" деген репликаны жариялады – жақсы, онда ҚазТАГ "Қорғас" ісі бойынша негізгі куәгерді тапсырыспен өлтірудегі осы ҰҚТ рөлін тағы да еске салады.
Сол күні ҚазТАГ Шерзат Болатты өлтірді деген күдіктілердің белгілі екенін және олардың "Хутор" ҰҚТ-мен байланысы болуы мүмкін екенін жазды.
Атап өтелік, ғаламторда аталмыш ҰҚТ-мен сенатор Жақып Асановтың есімін байланыстырып жатты, бірақ ол ҚазТАГ-қа берген сұхбатында бұл топпен кез-келген байланысының болуы мүмкін екенін жоққа шығарды.
4 қарашада белгілі болғандай, полиция «Хутор» ҰҚТ басшысы болып саналатын Қасымбаевтың ұсталғанын растады. 5 қарашада Қасымбаев екі айға қамауға алынған.
6 қарашада ММА шебері Арман Әлімовті ұрлап, соққыға жығу ісіне Хасан Қасымбаевтың қаншалықты қатысы барын спортшының анасы айтып берген еді.
Қатысты сілтемелер
-
Даниал Ахметовке израильдіктерден чемодан доллар түрінде пара алды деген айып тағылды
20 Қараша 2024, 16:14 -
Фанера, қармақ жібі және Моцарттың "Рондосы"
18 Қараша 2024, 14:48 -
Мемлекет пен бизнестің бірлігі - Астанада Qarmet форумы өтті
18 Қараша 2024, 12:07