Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстандықтардың ерікті зейнетақы жарналары 2024 жылғы 1 қарашаға жыл басынан бері - 39,2% өсіп, 7,3 млрд теңгеге дейін жеткен, деп хабарлады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ.
«2024 жылғы 1 қарашада (…) ең үлкен өсімді (бір жылға – 47,3%, жыл басынан бері - 39,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,3 млрд теңгеден асады», - деп хабарлады БЖЗҚ.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болды. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті. Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%).
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қарашасына 20,7 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 24,5%, жыл басынан бері - 19,9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – шамамен 633,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 15,3% ағымдағы жылдың басынан бергі өсім – 11,5%.
Қатысты сілтемелер
-
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің шығындарын өтеуге бюджеттен Т1,6 млрд сұрауда
26 Қараша 2024, 13:26 -
Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел маманы жұмыс жасап жүр
26 Қараша 2024, 11:50 -
Байқоңырда адам ұрлығын ұйымдастырушы 10 жылға сотталды
26 Қараша 2024, 11:33 -
Қазақстанда 2 млн. гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
26 Қараша 2024, 11:02