«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Қазақстан Республикасы үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 0; 2024 жыл - 0; 2025 жыл - 1 639 582; 2026 жыл - 0; 2027 жыл - 0», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т1 639 582 000.
Мақсаты – 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу.
«Міндеттер: су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу – 100%», - деп жобада міндеттелген.
Фото көзі: петропавловск.kz