2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ-2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

«2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі», -деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2023 жылдың қазанынан 2024 жылғы сәуірге дейін Арал теңізіне шамамен 1,3 млрд текше метр, ал жыл басынан бері 2 млрд текше метр су жіберілген.

«Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, теңізді толтыруда су үнемдеу технологияларын енгізу де маңызды рөл атқарады. Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде биыл Қызылорда облысының шаруалары 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді»,- деді Нұржігітов.

Еске сала кетсек, министр Түркіменстанда өткен көрші елдермен келіссөздер қорытындысы бойынша 1-ші сәуірге дейін Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су жіберу туралы келіскен болатын.

Фото көзі: gov.kz


adimage