«Алматыда автобус пен тепловоздың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендер саны жеті адамға жетті»,- деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Қабырғасы мен білегі сынған 80 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.
Тағы бір науқас Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Еске салсақ, Алматыда № 88 автобус батысқа қарай теміржолмен келе жатқан тепловозбен соқтығысты.
Фото көзі: tengrinews/qumash