Алматы қаласының құтқару қызметі автотехникаға екі лот бойынша Т556,6 млн жұмсамақ

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны автотехникаға екі лот бойынша Т556,6 млн жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – Алматы қаласы сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; атауы - автомобиль; қосымша сипаттамасы - автокөлік цистернасы; саны - екі; өлшем бірлік - дана; жоспарлы сома - Т113 160 714,28», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Сондай-ақ осы хабарландыруда тағы бір лот сипатталған: үш дана қазсыз автокран, жоспарлы сомасы - Т443 472 321,3.

Екі лот бойынша жалпы жоспарлы сома - Т556 633 035,58 құрайды.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 25 қарашада басталған, 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage