«Электр энергиясына деген өсіп жатқан сұранысты, сондай-ақ Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, үкімет өңірдің тиісті энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар міндеттерді жүзеге асыруда», - деп мәлімдеді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысының айтуынша, «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы шеңберінде өңірдегі жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерін дамыту жобалары бойынша жұмыстардың басталуын қамтамасыз ету үшін 2025 жылға жалпы сомасы Т2,1 млрд қаражат көзделді, оның ішінде:
- «Жамбыл облысы Тараз қаласы 15 мөлтек ауданында 110/10 кВ қосалқы стансасының құрылысы» жобасына – Т716,8 млн;
- «Тараз қаласы Жамбыл, Қонаев, Сейфуллин даңғылдарының бойындағы ТК-301-ден ТК-308-ге дейінгі М-3 жылу магистралін қайта жаңарту» жобасына – Т850 млн;
- «Тараз қаласы, 15 шағын ауданды магистральдық және орамішілік жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін кеңейту» жобасы – Т538 млн.
«Тараз қаласының «Самал» және «Мыңбұлақ» шағын аудандарының орамішілік жылу желілерін қайта жаңарту жобаларын қаржыландыру 2025 жылғы республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қаралады», - деп хабарлады премьер.
Сонымен қатар премьер-министр Қордай ауданында 220/110/10 кВ кіші станциясын салу жобасын әзірленіп жатқан «Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде (ұзақ мерзімді жеңілдікті кредиттеу тетігі) жүзеге асыру қарастырылатынын атап өтті.
Фото көзі: primeminister.kz