Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күттіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің солтүстігінде, батысында қар жауады, оңтүстік-батысында жауын-шашынды (жаңбыр, қар), оңтүстігінде жаңбыр. Тек республиканың оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, орталығында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі, көктайғақ, солтүстігінде, батысында – жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде – жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады. Оңтүстік- шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -4-6.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі, жолдарда көктайғақ. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз +4+6.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күүндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +11+13.
Ақмола облысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -10-15, күндіз -4-9.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Түнде -7-12 және күндіз ауа температурасы 0-5.
Қарағанды облысында оңтүстігінде қар жауады. Түнде -12-17 және күндіз ауа температурасы -1-6.
Батыс Қазақстан облысында күндіз шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -17-22 және күндіз -5-10.
Атырау облысында оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. Ауа температурасы түнде -7-12, күндіз -2-7.
Маңғыстау облысында батысында, солтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0-5, күндіз 0+5.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен орталығында қар жауады. Түнде ауа температурасы -18-23, күндіз -10-15.
Қостанай облысында оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -17-22, күндіз -10-15.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -16-21, күндіз -10-15.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -16-21, күндіз -8-13.
Абай облысында оңтүстігінде қар жауады. Түнде -15-20 және күндіз ауа температурасы -5-10.
Шығыс Қазақстан облысында оңтүстігінде қар жауады. Түнде -17-22 және күндіз ауа температурасы -3-8.
Қызылорда облысында ертеңгісін және күндіз шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Түркістан облысында ертеңгісін және күндіз батысы мен оңтүстігінде тауларында жаңбыр жауады. Күндіз +9+14, түнде 0+5.
Жамбыл облысында күндіз батысында тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +1+6, түнде -3-8.
Жетісу облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3, түнде -11-16.
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік- шығысындағы таулы өзендерінде судың ауытқуы байқалады", - деп ескертті синоптиктер.
Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі
