СҚО-да қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік бойынша мемлекеттік саясатқа Т52,2 млрд сұрауда

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – СҚО-да қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік бойынша мемлекеттік саясатқа Т52,2 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 8 015 905; 2023 жыл - 10 102 792; 2024 жыл - 11 443 419,9; 2025 жыл - 11 287 439; 2026 жыл - 11 435 184», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т52 284 739 900.

Мақсаты – Азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын, бостандықтарын, денсаулықтарын, өмірлерін қорғаудың әлеуметтік-тиімді деңгейін құру және ұстау. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам және азамат құқықтары мен бостандығына, қоғам және мемлекет мүдделеріне қылмыстық және басқа да құқыққа қайшы қол сұғушылықты ескерту және жолын кесу. Жол қозғалысы қатысушыларын жол-көлік оқиғаларынан қорғалуын арттыру. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінде кадрларды бекіту және ұжымда тұрақты кәсіби ортаны құру.

«Міндеттер: 2024 жылы – 2%-ға, 2025 жылы – 4%-ға, 2026 жылы – 6%-ға. Азаматтардың жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздік сезімі 80,5%-дан (2024 ж. – 76,9%, 2025 ж. – 80%, 2026 ж. – 80,1%) төмен болмайды», - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: gov.kz


adimage