Қостанай. 21 қараша. ҚазТАГ - Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың басында Қазақстан халқы 20 млн. белгіден асып үлгерді. Және бұл көрсеткіш өсуде. Балалардың дүниеге келуінің көптігімен қатар мектеп жасына дейінгі балалар үшін бос уақытты ұйымдастыру және сапалы білім алу мәселесі туындайтыны сөзсіз. Мұның бәрі, әсіресе, ірі қалалармен салыстырғанда, ұсыныстар көп емес ауыл-аймақтарға қатысты.
Осы маңызды мәселемен қостанайлық жас кәсіпкер Наталья Аман айналысып, 2015 жылдың сәуір айында The Family Nest – "Отбасы ошағы" балалар білім беру клубтарының желісін іске қосты. Олар бір жастан жеті жасқа дейінгі балаларды оқытады, мектепке дейінгі дайындықты жүргізеді, сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндерді жалпы дамытумен айналысады.
"Біздің жұмыстың басты мақсаты - балалардың өз бетімен дамуын қалыптастыру, жан-жақты ойлауын дамыту және үйренуге деген құштарлықтарын ояту. Әр бала бұл әлем туралы көбірек білуге тырысады, бірақ әртүрлі жағдайларға байланысты үй жағдайында олардың күнделікті қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік бола бермейді. The Family Nest-те мұның бәрін күнде жасауға болады! Біз мектеп жасына дейінгі балаларға заманауи, құбылмалы әлемге дайын болу үшін қауіпсіз білім беру кеңістігін жасаймыз. Бұл біздің миссиямыз", - деді Наталья.
Осы жылдың басында 150-ден астам баланы қамтыған екі балалар клубы ашылды. Білім беру бағдарламасы үш деңгейден тұрады: Kiddies, Juniors және Preschool. Оқудың соңында балалар қазақ және ағылшын тілдерінің негіздерін түсінеді, 20-ға дейін санайды, логикалық және математикалық есептерді шешеді, танымдық дағдыларды қалыптастырады, ойлауды, есте сақтауды, қиялды және сөйлеуді дамытады.
Жоба Қостанайда сәтті болғаны соншалық, Наталья "ары қарай өсу" керегін түсінді. Оқу топтарына деген үлкен сұраныс кәсіпкерден шұғыл түрде тағы бір орталық ашуды талап етті. Өз мүмкіндіктерін талдағаннан кейін ол Halyk және "Даму" Қорынан "Үміт" бағдарламасы бойынша жеңілдікпен қаржыландыруға өтінім беріп, білім беру мақсаттары үшін жаңа үй-жай ашуға қарыз алды.
"Жеңілдікті қаржыландыруға өтінімдерді қарастырған кезде біз, ең алдымен, қоғамымызға пайда әкелетін жобаларға назар аударамыз. Кәсіпкер Наталья Аманның беделі жақсы, ата-аналардың сеніміне ие және ең бастысы, оның бизнесі білім беруге бағытталған, бұл болашақта жас қостанайлықтарға біздің қоғамның сауатты және экономикалық белсенді бөлігі болуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз бұл жобаны қолдауға дайынбыз", - деп түсіндірді Halyk Bank Қостанай облыстық филиалының директоры Дәулет Топин.
Наталья 2024 жылдың маусымында жеңілдетілген қаржыландыруды алып, қыркүйек айында жаңа балалар клубы бір жастан төрт жасқа дейінгі балаларға есігін айқара ашты. Бұл жерде балалар жан-жақты дамып, бейімделіп, әлеуметтенеді. Halyk-тан алынған қаржыландырудың арқасында кәсіпкер балаларға арналған білім беру топтарына үлкен кезекті азайтты. Бірақ оның айтуынша, алдағы уақытта ол жас қостанайлықтарға жан-жақты білім алуға мүмкіндік беру үшін, ары қарай үлкейте беруді жоспарлап отыр.
Бұл Halyk-тың "Үміт" бағдарламасы бойынша демеушілік жасаған алғашқы жобасы емес. 2024 жылдың сәуірінде Halyk "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорымен әйелдер кәсіпкерлігін кредиттеудің осы бағдарламасын іске асыруға Т5,5 млрд болатын келісімге қол қойды. Қараша айының басында "Үміт" аясында Т1, 6 млрд сомаға 31 бизнес-жоба қаржыландырылды, оның ішінде 12 клиент-моно және шағын қалалардың өкілдері - Т558 млн. сомаға жеңілдетілген қарыз алды. "Үміт" әйелдер кәсіпкерлігін несиелеу бағдарламасының шарттары бойынша қосымша ақпаратпен еліміздің барлық өңірлеріндегі шағын бизнесті несиелендіру орталықтарында немесе Halyk сайтында танысуға болады.
Қатысты сілтемелер
-
Байқоңырда адам ұрлығын ұйымдастырушы 10 жылға сотталды
26 Қараша 2024, 11:33 -
Қазақстандықтардың БЖЗҚ-ға ерікті зейнетақы жарналары өскен
26 Қараша 2024, 11:21 -
Қазақстанда 2 млн. гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
26 Қараша 2024, 11:02 -
Сейсенбі күні Қазақстанның 10 облысында тұман және жел күтіледі
26 Қараша 2024, 10:52 -
Қызылорда облысында көпір өткелін салуды аяқтауға Т3 млрд-қа жуық жұмсамақ
26 Қараша 2024, 10:40