Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), күндіз шығысында қалың қар жауады, оңтүстік-шығысында қалың жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел тұрады, тұман түседі, көктайғақ. бұрқасын болады», - делінген хабарда.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, жаяу сырма соғады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9, күндіз ары қарай төмендей береді.

Алматыда күн бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашынды (көбіне қар жауады). Кейде көктайғақ болады. Кешке тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -3-5, күндіз 0+2.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кейде тұман түседі. Батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -6-8, күндіз 0-2.

Ақмола облысында түнде барлық аумағында, күндіз оңтүстігінде, шығысы мен орталығында қар жауады. Ауа температурасы күндіз және түнде -5-10.

Ұлытау облысында түнде барлық аумағында, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз –2-7.

Қарағанды облысында түнде қар жауады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -6-11 және күндіз -3-8.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз және түнде -3+2.

Атырау облысында түнде шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0, -5 және күндіз 0+5.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0-5 және күндіз +3+8.

Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде және күндіз -4+1.

Қостанай облысында түнде шығысы мен оңтүстігінде, күндіз батысы мен оңтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз -11-16.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде барлық аумағында, күндіз оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз -10-15.

Павлодар облысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -7-12 және күндіз - 5-7.

Абай облысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -5-10 және күндіз -3-8.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Ауа температурасы күндіз -3-8 және түнде -2-7.

Түркістан облысында ертеңгісін және күндіз батысы мен солтүстігінде тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -4-9 және күндіз -2+3.

Жамбыл облысында тауларында қар жауады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -3+2, түнде -3-8.

Алматы облысында түнде солтүстігі мен оңтүстігінде тауларында қар жауады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз -2+3 және түнде -3-8.

Жетісу облысында тауларында қар жауады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз -2+3.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage