Батыс Қазақстан облысында Көшпенділер ойынына қатысуға Т92 млн бөлінбек

Орал. 22 ақпан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында көшпенділер ойынына қатысуға Т92 млн бөлінбек, деп хабарлады «Уральская Неделя».
«БҚО депутаттары Астанада өтетін Көшпенділер ойынына облыс делегациясының қатысуы үшін Т92 млн бөлінуін бекітті», - делінген хабарда.
Облыстың мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов мәлімдегендей, Астанаға 120 адам барады. Оларға іссапар шығындары төленеді, әртістерге костюмдер тігіледі, Астанаға алып баратын бес киіз үй дайындалады.
Хабара атап өтілгендей, депутаттар Мереке Ғабдуалиев пен Қуаныш Бірманов тұрақты комиссия отырысында бұл мақсатқа бюжеттен Т92 млн бөлудің қажеттілігіне күмән келтірді.
«Ол жаққа сонша адамды апарудың қажеті не? Бұл қаржының бір бөлігін кәсіпкерлерімізді өз бизнестерін дамыту үшін жасанды интеллектіні қолдануға оқытқан дұрыс болмай ма?» - деп сұрады Бірманов.
Облыс әкімінің орынбасары Каюпов және мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев бұл пікірге қарсылық білдірді.
«Олардың пікірінше, Ойындарға облыс делегациясының қатысуы үшін Т92 млн бөлу өзін ақтайды, әртістерге жаңа костюмдер керек, және мәдениетке тиісудің керегі жоқ деді. Бұл пікірді басқа да депутаттар да қолдады»,- делінген хабарда.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтеді.

adimage